Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сабаңа түс": Алматыда такси жүргізушісі жолаушыға көзді жасаурататын сұйықтық шашқан (видео)

Алматыда такси жүргізушісі көлігіне мінген жолаушымен жанжалдасып, оған баллоннан көзді жасаурататын сұйықтық шашқан. Желіде тараған видеода такси жүргізушісі жолаушылардан шуламауын өтінген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Оқиғаның видеосы желіде тарап, жұрт арасында қызу талқыға түсті. Кадрлардан такси жүргізушісінің артта отырған әйелдерге тыныш отыруды сұрағанын байқауға болады. Ал әйелдер тыныш сөйлескендерін айтып, такси жүргізушісімен сөзге келген.



Кейін жанжал өршіп, жүргізуші жол ортасында тоқтайды. Жолаушылардан көліктен түсуді сұрап, сыртқа шығып, әйелге баллоннан көзді жасаурататын сұйықтық шашқан. 

"Газ арқылы кішкене сабаңа түс", – деген такси жүргізушісі.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.

Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

"Құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол жауапқа тартылады", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық такси жүргізушілеріне жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндеттелмейтін болғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау