"Сабағын жалғастыруда": Ләйлә Сұлтанқызы "қыздығымды сатамын" деген арудың жағдайы туралы
Ләйлә Сұлтанқызы "Өз ойым" бағдарламасында пәктігімді сатамын деп шыққан Айнұр Жәнібекованың қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осы жылдың көктемінде үлкен дауға айналған, көп талқыға түскен "Өз ойым" бағдарламасына қатысты жұрт көкейіндегі сұрақтарға жауап табыла бастады. Бағдарламадан кейін жұрттың сынына қалған Айнұр Жәнібековаға қатысты мәліметтер айтты.
"Сот шешімі шыққанша, бұл менің осы іске қатысты соңғы жазбам болсын. Эмоциядан бөлек, нүктені сот шешімі қояр", -.деген Сұлтанқызы хабарға қатысқан қыздың жағдайын уайымдаған қауымға жауап берді.
"Ол өзінің ағаттықпен, жастықтың желімен қателік жасағанын мойындағанын білесіздер. Өзімен де, жақындарымен де осы күнге дейін байланыстамыз. Сабағын жалғастыруда. Жаңа оқу орнында білімін шыңдауға атсалысқан жанашыр барлық азаматтарға алғыс білдіреміз", - дейді Сұлтанқызы.
⠀
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі