Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рудныйдағы сәбилер үйіндегі сұмдық жағдай: Аружан Саин бас прокуратураға хат жолдады

Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Қостанай облысының Рудный қаласындағы мамандандырылған сәбилер үйіндегі жағдайға қатысты Бас прокуратураға жүгінді. Ол ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар өмір сүретін мекемелер тек мемлекеттік органдардың емес, қоғамдық ұйымдардың да бақылауында болуы керектігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Рудныйдағы сәбилер үйіндегі сұмдық жағдай: Аружан Саин Бас прокуратураға хат жолдады

«Рудныйдағы сәбилер үйіндегі жағдай - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар өмір сүретін мекемелерді мемлекеттік органдар ғана емес, сонымен қатар қоғамдық ұйымдар да бақылау керектігінің тағы бір дәлелі. 

Бұған дейін мен  прокурорлық тексерістердің, UNICEF, Human Rights Watch тәрізді халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің нәтижесінде анықталған бала құқықтарына, күту жағдайына қатысты бұзушылықтар туралы бірнеше рет жазғанмын. Қазақстан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың отбасылық формаларын дамыту және мемлекеттік мекемелер жүйесін институтсыздандыру жөніндегі кеңестерді орындауы тиіс», - деп жазды Саин Facebook желісінде. 

Сонымен қатар ол Бас прокуратураға хат жолдап, меншіктік және ведомстволық бағыныштылық түрлеріне қарамастан, барлық интернат түріндегі балалар мекемесінде кешенді тексеруді ұйымдастыруды сұрады. 

Саинның хабарлауынша, Рудныйдағы сәбилер үйінде 24 бала бар. Болжам бойынша, олар Қостанайдағы «Дельфин» балалар үйіне ауыстырылады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Nur Otan партиясының жанындағы бала құқықтарын қорғау республикалық кеңесінің сараптама тобының мүшелері Рудный қаласындағы сәбилер үйінде аяқ астынан тексеріс жүргізіп, сұмдық жайттарға куә болған еді.

Талқылау