"Денесі ойылып, өз құсығында жатқан": Қостанай облысындағы сәбилер үйіндегі жағдай "нұр-отандықтарды" шошытты

Қостанай облысының Рудный қаласындағы сәбилер үйіндегі бүлдіршіндер сұмдық жағдайда өмір сүрген. Олардың кейбірінің ұзақ жатқаннан денесі ойылып қалып, кейбірі өз құсығының үстінде жатқан. Nur Otan партиясының жанындағы бала құқықтарын қорғау республикалық кеңесінің сараптама тобының мүшелері арнайы мекемеде аяқ астынан тексеріс жүргізіп, балаларды құтқарып қалды.

Сурет: "Астана" арнасы/скриншот

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жыл сайын шамамен мың жарым бала мамандандырылған сәбилер үйіне түседі. Олар – денсаулығында түрлі ақау бар 4 жасқа толмаған жетім немесе ата-анасы бас тартқан балалар. Рудныйдағы осындай арнайы мекемелердің біріне аяқ астынан тексеріс жүргізген республикалық кеңес сарапшылары ондағы жағдайды көріп, қайран қалған. Себебі паллиативтік топтағы бүлдіршіндерді сыртқа шығармағандықтан, жата-жата денесі ойылып қалған. Сонымен қатар балалар өмір сүріп жатқан жерде санитарлық талаптар сақталмаған. Бүлдіршіндердің көбінің үстінде лыпасы жоқ. Сондай-ақ, оларды есімімен емес, нөмірімен атайды екен. 

«Гидроцефалияға шалдыққан бір баланың жденесі ойылып қалған. Тағы біреуі өз құсығының үстінде жатты. Біздің көз алдымызда баланы есімімен емес, нөмірі бойынша атады. Мұның барлығы өзін қорғай алмайтын балаларға деген қарым-қатынасты көрсетеді», - дейді кеңес төрағасының орынбасары Динара Зәкиева. 

Nur Otan партиясының жанындағы бала құқықтарын қорғау республикалық кеңесінің ескертуінен кейін облыс әкімдігі Рудныйдағы сәбилер үйіндегі балаларды Қостанайдағы мекемеге ауыстыруға міндеттелді. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Алтын туралы қызықты деректер

Алтынның органикалық қосылыстары медицинада көптеген ауыр дерттің емдеуге қолданылады

Баян Алагөзова: Мен соңғы рет қашан ұрысқанымды ұмытып қалдым

Продюсер: Ол қате сөйлеп тұрса да, кез келген жағдайды сабырлы күйде түсіндіруге тырысамын

"Анамды екінші рет көргім келмейді": Алматы облысында көпбалалы ана алты перзентінен бас тартты

Көпбалалы ана: "Қазір балаларады ойлап жүрген жоқпын"

"Актриса болғым келген": Астаналық кран жүргізуші әйел кино мен театрды бағындыруды армандайды

Құралай Игілік: 15 жыл құрылыста жұмыс істеп жүрсем де әлі баспанам жоқ

Отқа оранған әуе ұшағы видеоға түсіп қалған

Ұшқан кезде қозғалтқыштарының бірі сыр берген

Алматыда оқушыға шабуылдаған ер адам ұсталды: Ол аула сыпырушы болып шықты

Күдікті: Қалтамнан телефонымы шығардым, ол пышақ екен деп қалды

Almaty Investment Forum-ды өткізуге бюджеттен 80 миллион теңге бөлінбекші

Форумға қонақтар әлемнің 20 елінен келеді екен

Футболшы қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін ойыннан шеттетілді

Бұл сәттің видеосы интернетте пайда болды

Шала туған сәбидің аман қалуына сыңарының құшағы көмектесті

Сәбидің жағдайы кенеттен жақсара бастады

"Патшаларша өмір сүреді": Облысты басқарып отырған әкімдердің тұрмыстық жағдайы анықталды

Кейбіреулері ескі көлік мініп, ендігілері пәтер жалдап тұратын көрінеді
Çàãðóçêà...