Рудный тұрғыны төрт жасар баланы анасымен бірге өртеп жіберді
Рудный тұрғыны көршісімен жанжалдан кейін әйел мен оның 4 жастағы баласына керосин шашып, жағып жіберген. Қазір Қостанай облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жантүршігерлік оқиға туралы аймақтық полиция департаментінің басшысы Ерлан Омарбеков өз Facebook парақшасында мәлімдеді.
"16 наурызда Рудный қаласының кезекші бөліміне 44 жастағы ер адамның көршісінің есігін қаққаны туралы ақпарат түсті. Есікті ашқан әйел мен оның баласына керосин шашып, жағып жіберген", – делінген полицейдің хабарламасында.
Әйелдің білек тұсы күйген. Баланың жарақаты ауыр. Қазір ол ауруханада.
"Жапа шеккен бала ауыр жарақаттармен жансақтау бөліміне жатқызылды. Денесінің 40%-ын күйік шалған. Қазір оның өмірі үшін дәрігерлер арпалысып жатыр. Анықталғандай, оқиғаға көршілер арасындағы жанжал себеп болған", - деп түсіндікті Ерлан Омарбеков.
Күдікті қолға түскен, қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан