Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роза Рымбаева: Ернар Айдар өзбек әнін қазақша шырқап жүрген той әншісі ғана

Роза Рымбаева «Витебсктегі Славян базары» байқауына қатысатын Ернар Садырбаевты Ернар Айдардан мықты әнші екенін айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Роза Рымбаева: Ернар Айдар

ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Роза Рымбаева Ернар Айдар мен Ернар Садырбаевтың деңгейі жайлы айтты.

Тілшілер Ернар Садырбаевтан «Ернар Айдардан кейін қаншалықты танымал боламын деп ойлайсыз? Қорықпайсыз ба?» деп сұрады. Ернар Садырбаев бұл сұраққа жауап беруден бас тартты. Есесіне Роза рымбаева жауап берді.

«Менің ойымша, әншінің атын шығаратын – ол оның әні, шығармашылық өнері. Ернар Айдар мен «Әмірені» салыстыруға болмайды. Мен маман ретінде айтайын. Ернар Айдар – өзбектің немесе түріктің әндерін қазақша орындап жүрген тойдың әншісі. Ал біздің мына баламыз – бүгінгі Ернар конкурсқа қатысатын әнші. Конкурсқа қатысу – өзінің деңгейін халықаралық деңгейде көрсету, шығармашылығын сол форматқа сәйкес келетін халықаралық орындаушы жастармен сайысқа түсу. Ондай жастардың арасында сайысқа түсудің өзі – деңгей. Ал енді егер сенің шығармаң кем түспей, артық болып тұрса – ол Қазақстан мәдениетінің деңгейінің жоғары болғандығы. Сондықтан, ана Ернарменен мына Ернарды салыстыра алмаймын, кешіріңіздер», – деді Роза Рымбаева.

1995 жылдан бастап қолға алынған «Славян базары» халықаралық өнер фестивалі Беларусь елін әлемге танытуда.

Витебсктегі «Славян базары» байқауында биыл Роза Рымбаева мен Димаш Құдайберген төрелік етпек.

Димаш Құдайберген 2015 жылы осы байқаудың бас жүлдесін еншілеген болатын.

Осы жиында Роза Рымбаева 5 жылдан бері мәдениет минстрлігі тарапынан ұйымдастырылып жатқан концерттерге қатыса алмай жүргенін айтқан болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау