Қарағандыда жүрген Роза Әлқожа ауруханаға түсіп қалды
Роза Әлқожа ауруханаға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында Қарағандының ауруханасына түскенін хабарлаған. Ол жедел жәрдемдегі суреттерін жариялап, жұртты алаңдатты.
"Қайырлы түн! Ақыры ауруханадан бірақ шықтық. Қарағанды", - деп жазды Роза Әлқожа.
Бұл жазбаны көрген тыңдармандар сүйікті әншілерінің жағдайына алаңдаған. Ауруханада дәрігердің алдында отырған Роза Әлқожаның денсаулығына не болғанын түсінбеген олар, өнер иесінің амандығын тіледі.
"Аллам шипасын берсін", "Жазалып кетіңіз, жақсылап емделіңіз", "Қарағанды жақпайды-ау сізге. Былтыр да келіп ауырып едіңіз", "Балаларыңыздың бақытына аман болыңыз", "Сауығып кетуіңізге тілектеспіз", "Не болып қалды?" - деп жазды желідгілер.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды