Роза Әлқожаның күйеуі тоқал алу “Мәселесіне” қатысты ойымен бөлісті
Әнші Роза Әлқожаның күйеуі әлеуметтік желіде шу болған “мәселеге” қатысты ойымен бөлісті. Осыған дейін жарына тиіскен жұрттың енді өзіне өткенін айтқан журналист оқиғаның неден басталғанын баяндап, түсіндіріп беруге тырысқан.
Бұл туралы stan.kz сайты хабарлайды.
Айдын Қаба өз сөзін былай бастайды “Халқыма бір рахмет айтқым келіп тұрғаны. РАХМЕТ! Менің жеке жəне отбасым үшін, бала-шагам үшін қатты алаңдап, уайымдайтындарыңызды əлеуметтік желілерде білдіргендеріңіз үшін рахмет! “Ел аузында” багдарламасындағы бұрмаланған “тоқал” тақырыбы маған да бəле болды. Журналистерді жамандайын десем бір ұшы өзіме де тиеді. Бірақ қазір рейтинг үшін арзан тақырып өтімді болып тұр ғой. Ол біздің қоғамның айнасы деген сөз. Біреудің қиялының құрбаны болып кете жаздадым” дейді журналист.
Роза Әлқожаның “күйеуім қаласа тоқал алуына қарсы емеспін” деген сөзі бұрмаланып, үлкен мәселеге айналып кеткені рас.
“Кей біреулер тіпті өз мақсатына пайдаланып мүлдем басқаша бұрмалап таратумен айналысқан екен. Тоқал мəселесі қайдан шықты: Розадан жəй ғана бір журналист сұрай салған ол “қарсы емеспін” деп жауап берген. Тоқалды нəпсісі үшін емес қандай жағдайда алатынын бəріміз білеміз (ұлы жоқ немесе əйелі мүлдем тумаса) Құдайға шүкір, ол жағынан менде бəрі дұрыс. Əлеуметтік желілерде қатты талқыланып, Розаға тиісіп болған жұрт енді маған өтті. Кей бір адамдар қолдап та жатыр. Біреулер тіпті артық кетіпті. Балағат айтып, жеке басқа, ар-намысқа тиетіндері тағы бар. Қатты талқыланғанына қарағанда бұл мəселе мемлекет үшін болмаса да сол жақтағы кисилер үшін қатты керек саясат сияқты. Тоқал алу ойымда да жоқ. Алмаймын. Алғым да келмейді. Мақсатым ол емес. Мен отбасыммен бақыттымын. Аллаға шүкір, ары қарай да осы отбасыммен бақытты ғұмыр кешсем деймін. Мақсатым: Балаларымды жеткізіп, еліне қызмет етуге үйрету. Ұлды ұяға, қызды қияға қондырып əдемі келіншегіммен əдемі қартайғанша елге қызмет ету!”,-дейді әнші Роза Әлқожаның күйеуі Айдын Қаба.
Әншінің күйеуі жазған жазбаға байланысты көпшілік жағымды пікір қалдырып,олардың отбасына бақыт тілескен. Бұған дейін әнші күйеуі “тоқал аламын” десе қарсылық танытпайтынын айтқаны жайлы жазған болатынбыз.