Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Росатом" корпорациясы Қазақстандағы Буденовское уран кен орнын сатып алды

"Росатом" корпорациясы Қазақстандағы Буденовское уран кен орнын сатып алды. "Росатом" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачев РФ Президентімен кездесуінде осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: © kremlin.ru

"Росатом" корпорациясының басшысы Алексей Лихачев Ресей президенті Владимир Путинге Қазақстандағы Буденовское кен орнын сатып алуға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі жазды. 

Ол сондай-ақ Ресей уран қоры бойынша екінші орынға шыққанын және ядролық отын цикліндегі қайта бөлу бойынша үштікке кіргенін айтты.

Айта кетейік, Буденовское кен орны - 1970 жылдары ашылған әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі.

Кен орнының екі учаскесіндегі алғашқы технологиялық ұңғыма 2021 жылдың басында ғана салынды. Биыл наурыз айында алғашқы 50 тонна уран өндірілді.

Еске салайық, 2023 жылдың көктемінде қазақстандық миллионер Александр Клебановтың ұлы Яков пен ресейлік миллиардер Василий Анисимов Буденовский кенішіндегі үлестерін "Росатомға" сатқаны белгілі болған еді.

Талқылау