Роналдудың әйелі көпшілік алдына шапан киіп шықты
Әлеуметтік желілерде футболшы Криштиану Роналдудың әйелі ұлттық шапан киіп түскен суреті қызу талқылануда. Джорджина Родригес желідегі ресми парақшасында шапан киген суретін жариялады.

Қолданушылар байқағанындай, Джорджина алдымен бұл шапанның Қазақстаннан жасалғанын айтты, бірақ кейін шапан Өзбекстанда жасалды деп ауыстырып қойды.
«Өзбекстаннан сүйіспеншілікпен жасалған қолөнер» - деп жазылған Instagram-да сурет анықтамасында.
Джорджина Родригес - испан бишісі, модель, Криштиану Роналдудың әйелі. Әйгілі футболшының жары жанкүйерлерін әртүрлі суреттерімен таңғалдырып келеді. Мысалы, ол бұған дейін «жылан» көйлек киіп жанкүйерлерін қуантты. Сонымен қатар ашық бикини киіп, бөксесін көрсетті.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"