Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роналду өзінің қыз зорлады деген айыптауға қатысы жоқ екенін мәлімдеді

Танымал футболшы Криштиану Роналду Der Spiegel неміс журналы жариялаған қыз зорлау дерегіне қатысты айыптауды жоққа шығарды.

1811470-38226691-2560-1440

Неміс журналы 2010 жылы Роналду қыз зорлау айыбынан қашып құтылып кетті деп жазған еді. Ал Роналдудың осы мәселеге қатысты мәлімдемесі өзінің агенті Жорже Мендештің ресми сайтында жарияланған.

Спортшы бұл ақпаратты “журналистік фантастиканың бөлігі” деп бағалаған. Ол болжамды оқиға құрбанының өзі атын атап, деректі растаудан бас тартқанын атап өтіпті. Сондай-ақ, футболшы бұл ақпарат ағынына өзіне еш қатысы жоқ адвокаттардың қатысқанын айтқан.

Осылайша футболшы мақаланы өтірік деп атап, бұл ақпарат құралына қарсы күресетінін де мәлімдепті. Ал басылым болса қыз зорлау оқиғасын 2009 жылы 13 маусымда болды деп жазған.

Оқи отырыңыз:

Чемпиондар Лигасы матчының алдында жарылыс болып футболшы жарақат алды

Геннадий Головкин 35 жасқа толған туған күнін Лос-Анджелесте атап өтуде (фото)

Шәріпова ресейлік қарсыласын рингке шықпай жатып нокаутқа жіберді

Сондерс Головкинге соңғы мүмкіндік беретінін айтты

Талқылау