Қазақстанда 9-20-25 бағдарламасының қашан басталатыны белгілі болды (видео)
Бүгін үкіметтегі брифинг кезінде вице премьер Роман Скляр 9-20-25 бағдарламасы қашан басталатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Үкімет
“Әлихан Смайылов Қостанайға барған іссапарында 9-20-25 бағдарламасы 1 наурыздан іске қосылады деген еді. Бірақ отбасы банк нақты мерзімін айта алмаймыз деп отыр. Халық 1 наурызды күте ме және шарттары қашан жария етіледі”, – деп сұрады журналистердің бірі.
Скляр бұл бағдарлама мемлекеттік бюджет пен “Отбасы банк” қаржыландыруы есебінен жүзеге асатынын атап өтті.
“Бұл мәселе қарастырылды және айтылған мерзімде іске қосылады. 1 наурыздан басталатынын растаймын”, – деді ол.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар