Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Рөлі былғары, орындықтары жылытылады": Қостанай әкімдігінің басқармасы 20 миллион теңге тұратын көлікке тапсырыс берген

"Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Қостанай облысы мемлекеттік мекемелерінің шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құны 20 390 000 теңге тұратын автокөлікке тапсырыс берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Yandex.kz/map

Мемлекеттік тапсырыстар сайтында ақ түсті, рөлі былғарыдан жасалған, алдыңығы және артық орындықтары жылытылатын құны 20 390 000 теңге тұратын көлікке хабарландыру жарияланған. Тапсырыс беруші – "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Қостанай облысы мемлекеттік мекемелерінің шаруашылық басқармасы".

Тапсырыста көліктің маркасы көрсетілмеген. 

Stan.kz тілшісі әкімдіктен 20 390 000 теңге тұратын көлік не себепті тапсырыс бергенін сұрады.

“Жаңа қызметтік көлік мекеме қызметінің мақсаттарын жүзеге асыру үшін қажет. Қостанай облысы мемлекеттік мекемелерінің шаруашылық басқармасы автопаркінің техникалық тозығы жеткендіктен автокөлікке тапсырыс бердік. Жекелеген агрегаттар күрделі жөндеуді талап етеді”, – делінген әкімдік жауабында. 



Ведомствоның мәліметінше, кейбiр көліктер жиі істен шығатындықтан жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуге арналған бюджет шығындары ұлғаяды. Әкімдіктегілер осылайша мемлекет басшысының тапсырмасымен бюджет қаржысын үнемдеп жатқанын айтты.

Бұған дейін 124 мың халқы бар Рудныйда қазақ тілін насихаттауға 7 миллион теңге бөлінгені туралы жазған едік. 

Талқылау