"Рөлде қарындасым болды": Таразда мас күйде көлік жүргізді деген күдікке ілінген полиция бастығы жұмыстан шығарылды
Әлеуметтік желіде Таразда патрульдік полиция қызметкерлері Сарысу ауданының әкімшілік полиция басқармасының басшысын тоқтатқан видео кең тарады. Облыстық полиция департаменті тараған видеоға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде тараған видеоның сипаттамасында Тараз қаласының патрульдік полиция қызметкерлері Сарысу ауданының әкімшілік полиция басқармасының басшысын тоқтатқаны айтылған.
"Ол көлікті мас күйде жүргізген болуы мүмкін. Ал әріптестерінің “көлікті кім жүргізді?” деген сұрағына ол “қарындасым” деп жауап берген", – делінген жазбада.
Әлеуметтік желіде ер адамның оқиғадан кейін бірден еңбекке жарамсыздық парағын алғаны да жазылған.
Жамбыл облысы полиция департаменті оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқаны хабарлады.
"Аталған құқық бұзушылықты жасаған тұлға теріс себептер бойынша ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылады. Полиция департаменті заң мен қызметтік тәртіптің кез келген бұзылуына қатысты қатаң әрі принципті ұстанымда, кінәлі тұлғалар лауазымына, шеніне және қызметтік жағдайына қарамастан жауапкершіліктен жалтара алмайды”, – делінген полиция хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде әскери қызметкер есірткіге мас күйде ұсталғаны туралы жазған едік.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған
