"Ризыққа әсер етеді": Фариза Төреәлінің ауа райына қатысты жазбасы көпшілікті ойландырып қойды
Танымал блогер, желі жұлдызы Фариза Төреәлі ауа райына қатысты қызық ақпаратты бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/
Әлеуметтік желіде белсенді блогер Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында қыдырып жүр.
“Ауа райына шағым айтуға болмайды, ризыққа әсер ететінін білдіңіз бе?! Бүгінді Сеулдегі ең үлкен паркте өткіземіз деп жоспарладық. Паркке келген уақытта жаңбыр құйып кетті. Алайда оған қарамастан қолшатыр алдық, үстімізге жаңбыр өткізбейтін киім кидік те, әрі қарай серуендеп кеттік. Санада да еш қарсыластық жоқ, тек шартсыз әр ситуацияны қабылдау сезімі. Неге?! Себебі әр нәрсе тек Жаратушымыздың ғана қалауымен ғой. Біз қалайша оның қалаулары менен жасап жатқандарына разы болмаймыз? Біз кімбіз?”, – деп жазды блогер.
-
"Rolex сыйладым": Фариза Төреәлі күйеуі Дархан Нортаевты туған күнімен ерекше құттықтады
-
"24 сағатта 46 миллион теңге": Фариза Төреәлі қатерлі ісікпен күресіп жатқан жақынына жылу жинады
Желі жұлдызының айтуынша, адамдарда ауа райының қолайсыздығына байланысты түрлі шағым айту көбейген.
“Көп жағдайда біз өзіміз байқамай тіпті ауа райына қатысты сын айтып не мін тағамыз. “Туу, жаңбыр жауып кетті”, “жаумайтын кезде неге жауады?”, “ауа райын қарашы, бұзылып кеткені” сынды әңгіме. Ол нәрсенің өзі біздің ризыққа әсер етеді екен. Ал бұл жайлы анық хадис бар: “Пайғамбарымызға (с.а.с) бір адам келіп өзінің кедейлігі жайында шағымданады. Сонда пайғамбарымыз (с.а.с) оған: Бәлкім сен жел-дауылды сөгіп, ауа райына шағымданып жүрген шығарсың” деп қана жауап беріпті. Расында әр жапырақ Алла қалауынсыз түспейтіні секілді өміріміздегі әр жағдай Раббымыздың құзырында. Ал біз мойынсұнып, шартсыз қабылдауды қатты үйренуіміз керек”, – деді Фариза Төреәлі.
Айта кетейік, Фариза Төреәлі Ва-Банк телехикаясы түсірілген жерге барғанын жазған едік.