Ризабек Айтмұқан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан Қырғызстанда өтіп жатқан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ризабек Айтмұқан Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының ақтық сынында сүрінді. 97 келіде белдескен отандасымыз финалға дейін қарсыластарын қоғадай жапырып келген еді. Бірақ финалда байырғы қарсыласы, әлем және Азия ойындарының чемпионы Ахмед Тажудиновтен 2:4 есебімен ұтылып, екінші рет Азия чемпионы атана алмады.
Айта кетейік, бүгін бозкілемге шыққан балуандардың ішінен Ризабектен бөлек, 57 келідегі Мейрамбек Қартбай қола жүлдегер атанды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

