Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ринат Зайытов: Досымның менің маңдайыма кезенген мылтығы атылмай қалды

Жастайынан тәуелсіздікке құмар болған ақын Ринат Зайытовқа бірнеше рет мылтық кезелген. Бірде өз үйінде әйел, бала-шағасының қасында досы, айтыскер ақын Мақсат Ақанның қолынан қаза таба жаздаған.

Бұл туралы ақын «Ең алғашқы» бағдарламасында айтты.

«Бір досым мені атып ала жаздаған. 2007-2008 жылдары болу керек, ол кезде менің мылтықтарым тіркелген, сейфі бар болатын. Үйге келген қонақтарыма көрсетемін ғой енді. Бір аңшылықтан келген кезім, келдім де қоя салдым. Таңға жуық келген болармын. Бір күні Мақсат ақын келді үйге. Сол кезде көрсетіп жатыр едім мылтықтарды, бір кезде ол маңдайыма тақады да атты, оқ атылмады.


Ринат Зайытов: 7-сынып оқып жүргенде әкем отбасымыздан кетіп, менің мұғаліміме үйленіп алды


Мынау істемейді ғой деп бір жерін тартып қалып еді, оқ атылып кетті үйде. Сонда ол оқтаулы қалып қойған. Бірақ менің маңдайыма тақалып тұрған сол оқ маған атылмаған. Құдай сақтап қалды мені сол кезде. Бірақ жаңағы Мақсат досыммен болған жағдайда қатты терледім. Өз үйіңде, бала-шағаңның қасында өз досың атып тастаса, бұл бүкіл нәрсенің ойран болғаны ғой. Сол кезде Аллаға шүкір дедім, мені солай сақтағанына», - дейді Ринат Зайытов.

Талқылау