Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Риддердегі жылу орталығына 11 миллион теңге айыппұл салынды

"Риддер Жылу электр орталығы" АҚ-ға 11 миллион теңге айыппұл салынды. Ал Риддер тұрғындарына жылу дұрыс жеткізілмегені үшін 63 миллион теңге өтелді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

риддер тэц

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасының мәліметінше, 2022 жылдың қараша айында Риддер қаласында апат орын алып, тұрғындарға жылу беру температурасы төмендеген болатын.

Аталған жағдайдың себебін анықтау үшін Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы уәкілетті органдардың мамандарымен бірлесіп, кәсіпорын қызметінде тексеру жүргізген.

"Оның нәтижелері "Риддер ЖЭО" АҚ-ның қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйін көрсетті. Заңнамаларды бұзудың 240-тан астам фактісі анықталды. Прокуратураның қадағалау актілері бойынша уәкілетті органдар ЖЭО-ға қатысты бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығара отырып, 11 миллион теңгеден астам сомаға әкімшілік жаза қолданды.

Сондай-ақ прокуратураның ұсынысы бойынша "Риддер ЖЭО" АҚ жылу энергиясын тиісті деңгейде жеткізбегені және сапасының нашарлағаны үшін төлемді қайта есептеу арқылы 63,3 миллион теңге сомасына 21,7 мың тұтынушыға залал өтелді", – делінген ШҚО прокуратурасының хабарламасында.

Бұдан бөлек, тексеру барысында табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу фактісі анықталды. 

“Атап айтқанда, 548 миллион теңге сомасына тарифтік смета мен инвестициялық бағдарламаның қаражаты мақсатсыз жұмсалған. "Риддер ЖЭО" АҚ үшін 2023 жылғы 1 сәуірден бастап 2024 жылғы 31 наурызға дейін халыққа тарифті 18% төмендете отырып, уақытша өтемдік тарифті бекітті”, – делінген хабарламада. 

Талқылау