Риддерде ЖЭС-тегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығында жарылыстан зардап шеккендер жансақтау бөлімінен шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz
Мамандар олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді.
“Науқастарды жансақтау бөлімінен жалпы палаталарға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр”, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаев.
20 желтоқсанда көмірді беру конвейерінде дәнекерлеу кезінде газ-ауа қоспасы жарылған еді. Төтенше жағдай салдарынан алты адам зардап шекті.
Сондай-ақ оқиғаның себептерін анықтау үшін облыстық еңбек инспекциясы арнайы комиссия құрғаны белгілі болды. Тексеру қорытындысы он күннен кейін жарияланады деп жоспарланып отыр.
"Қырғызстан өзі алға шығу үшін осылай жасады": Сарапшылар көшпенділер ойыны нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Қырғызстан тарапы медаль есебін басқаша жүргізген
Қазақстандықтар 3600 орындық елордалық стадион мен "Бішкек Аренаның" қаражатын салыстырды
Стадион құрылысының құны – ҚҚС-ты қоса есептегенде 16,7 миллиард теңге