Рыбакина мен Азаренко арасындағы Australian Open-2023 жартылай финалының уақыты мен өтетін орны белгілі болды
Австралия ашық чемпионатының ұйымдастырушылары турнирдің 11-ші күніндегі ойындар кестесін жариялады. 26 қаңтарда Род Лавер аренасында Елена Рыбакина мен Виктория Азаренко бірінші болып шығады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Уимболдон 2022 жеңімпазы Елена Рыбакина мен екі дүркін AusOpen чемпионы Виктория Азаренка арасындағы жекпе-жек Род Лавер аренасында 26 қаңтар күні Астана уақытымен 14:30-да басталады.
"Мықты қарсыласпен кездесемін. Мен Вика Азаренкамен Индиан-Уэллстегі турнирде бір рет қана ойнадым. Кейін мен жеңдім, бірақ ол жеңіске жету оңай болмады. Әдеттегідей матчқа бәрін талдап, ойланып дайындалудамын. Ал кортта жеңіп, AusOpen финалына шығу үшін бар күшімді саламын",- деді Елена Рыбакина.
1/2 финалдық кезеңнің тағы бір кездесуінде әлемнің бесінші ракеткасы Арина Соболенко (Беларусь) мен әйелдер рейтингінің 45-ші нөмірі польшалық Магда Линетт кездеседі.
Әйелдер арасындағы Австралия чемпионатының финалы 28 қаңтарға жоспарланған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

