Ресейліктердің Қазақстанға келіп жатқан көшін тоқтата аламыз ба – Белгілі адвокат пікір білдірді
Адвокат Абзал Құспан Нартай Аралбайұлына сұхбат беріп, ресейліктердің Қазақстанға үдере көшуі жайында ойын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Адвокат “Ресейліктердің Қазақстанға келіп жатқан көшін тоқтата аламыз ба?” деген сауалға жауап берді.
“Келіп жатқандардың легі сұмдық. Бұның арты не болмақ? Түсініксіздеу болып тұр. Ресейліктердің Қазақстанға келіп жатқан көшін әрине, тоқтата аламыз. Бұның бәрі қолымызда тұрған нәрсе ғой. Мемлекеттің қолында әртүрлі мүмкіндіктер бар. Тіпті, 2020 жылғыдай пандемия деп жауып тастаса да болады. Кім оны зертеп, дәлелдеп жатыр? Қандай да болмасын жақын арада бір шешім қабылданады деп ойлаймын. Егер қабылданбаса өте қиын жағдайға айналайын деп тұр. Біз осы жақта азын-аулақ қалғандардың өзін 5 колона деп дабыл қағатынбыз. Бұл жақтың менталитетімен, психологиясымен санаспайтын, мүлдем тіпті қажет деп таппайтын ішкі Ресейдің адамдарымен толығатын болса арты неге айналуы мүмкін. Украинаның ащы сабағы бәріне ой салуы керек. Сол үшін шекараны бекітіп тастаған дұрыс”, – дейді ол.
Абзал Құспан сондай-ақ жергілікті орыстар мен Ресейден келген орыстардың арасында кәдімгідей айырмашылық барын айтады.
“Тіпті, көшеден көргеннен ажыратуға болады. Мен қызық үшін бір екеуінен “Ресейден келдіңіз бе” деп сұрадым. “Иә, қалай білдіңіз” деп жатады. Қазақстанда туып-өскен орыс ұлты қазақтарға жақындау келетін секілді”, – деді адвокат.
Сондай-ақ Абзал Құспан бүгінге дейін Қазақстанға келіп алған ресейліктерді елден шығарудың қандай жолы бар екенін айтты.
“Ең қолайлы жолы мобилизацияны желеу етіп, әскер жасындағы ер-азаматтарды шығаруға болады деп ойлаймын. Бұнымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі мен ішкі містер органдары айналыса алады. Негізі бұл жерде ведомствоаралық байланыс арқылы екі мекеме айналысуы керек. Ал бас прокуратура мен әскери прокуратура мұны қадағалауы керек”, – деді ол.