Ресейліктер Зеленскийді бір аптада үш рет өлтіруге тырысқан – БАҚ
Ресейліктер бір апта ішінде Украина президенті Владимир Зеленскийді үш рет өлтіруге тырысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі британиялық The Times газетіне сілтеме жасап.
Басылым мәліметіне сүйенсек, украин басшысын өлтіруге екі түрлі топ жіберілген. Бірі – Вагнер тобының прокремльдік жалдамалы кісі өлтірушілері, екіншісі – шешен қарулы күштері.
Украинамен болып жатқан соғысқа қарсы шығып жүрген ресейлік федералды қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің арқасында қастық етуге жасалған қадамдарға тойтарыс берілді.
"Вагнер" жалдамашылары украин басшысын өлтіруге тырысқан кезде адам шығынына ұшырап, украиналықтардың іс-әрекетті дәл болжағанына таңданды. Топқа жақын дереккөз Зеленскийдің қауіпсіздік қызметінің ақпараттандырылғаны кісі өлтірушілер үшін "сұмдық" болғанын жеткізді.
Сондай-ақ сенбі күні Киев төңірегінде шешен жалдамашылар тобының кері қайтарылғаны хабарланды. Кісі өлтірушілердің көзі жойылды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған