AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жарылыс Еуропаның ақырына әкеледі": Зеленский Запорожье атом станциясындағы өртке қатысты

Украина президенті Владимир Зеленский Запорожье атом электр станциясында түнде болған өртке қатысты қатты алаңдаулы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасап. 

"Бұл екінші Чернобыльге айналуы мүмкін немесе одан да артық", - деді Зеленский видео үндеуінде. 

Сөзінше, станциядағы өрттің немен аяқталатынын болжау қиын. 
"Станциядағы өрттің немен аяқталатынын, жарылыстың болатынын, болмайтынын білмейміз. Оны ешкім есептей алмайды", - деді Украина президенті. 

Зеленский АҚШ пен бірқатар Еуропа елдері президенттерімен байланысқанын атап өтті. 

"Көшбасшылармен, серіктестерімізбен хабарластық. Шарль Мишельмен (Еурокеңес президенті), Шольцпен (Германия канцлері), Дудамен (Польша президенті), президент Байденмен сөйлестім. МАГАТЭ басшысы Гроссимен, премьер-министр Джонсонмен байланыстым. Барлығын ескертіп жатырмыз", - деді Зеленский. 



Владимир Зеленский еуропалық көшбасшыларды оянуға, шұғыл әрекет етуге шақырды. 

"Еуропа оянуы керек. Еуропаның ең үлкен атом станциясы дәл қазір өртеніп жатыр. Ресей танкілері атом блоктарын атқылауда. Бұл тепловизормен жабдықталған танкілер. Яғни, олар қайда оқ атып жатқандарын біледі. Олар бұған дайындалған. 

Бұл сөзімді барлығына арнаймын... Чернобыль сөзін білетін әр адамға!
Ресей оны қайталағысы келеді, тіпті қайталап та жатыр. Тек бұл жолы 6 есе көп. 

Еуропалықтар, ояныңыздар, өтініш. Өз саясаткерлеріңізге айтыңыздар: орыс әскерлері Украинадағы атом станциясын атқылауда. Запорожье атом станциясын. 

Барлығына ескертеміз: Ешқашан бірде-бір мемлекет атом электр блоктарын атқылаған емес. 

Бұл біздің тарихымызда, адамзат тарихында алғаш рет. Террорист мемлекет ядорлық террорға көшті. 

Ресей насихатшылары әлемді ядролық күлмен көміп тастаймыз деп қорқытқан. Енді бұл жай ғана қоқан-лоққы емес, шындық. 
Ресей әскерін шұғыл түрде тоқтату керек. 

Саясаткерлеріңізге: "Украина дегеніміз - 15 атом блогы", - деп айқайлаңыздар. 

Жарылыс болса - бәріміздің ақырымыз. Еуропаның соңы. Бұл - Еуропадан эвакуациялау. 

Еуропаның шұғыл әрекеттері ғана Ресей қарулы күштерін тоқтата алады. Атом станциясындағы апаттан Еуропаның жойылуына жол бермеңіздер", - деді Зеленский. 

Станция баспасөз қызметінің хабарлауынша, Запорожье АЭС-те жұмаға қараған түні өрт болды. Ақпаратты әлеуметтік желіде Запорожье облысы, Энергодар қаласының басшысы Дмитрий Орлов растады. 

Запорожье АЭС-ы Еуропадағы қуаттылығы бойына ең ірі атом станциясы, Энергодарда орналасқан. 

Бұған дейін Украинадағы атыстан кейін Запорожье атом электр станциясында өрт шыққанын жазған едік.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр