Ресейліктер Белгородтағы мұнай қоймасындағы өрттің Украина әуе соққысы салдарынан болғанын мәлімдеді
Белгород қаласындағы мұнай базасынан өрт шықты. Ресейліктердің болжамынша жалының шығу себебі аумаққа кірген Украина әскерінің екі тікұшағының төмен биіктіктегі соққысы нәтижесінде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бір апта бұрын Гладков Украинадан атылған снаряд аймақта жарылғанын айтқан болатын. Журавлевка және Нехотеевка деген екі ауылда төтенше жағдай режимі енгізіліп 180-ге жуық адам Белгородқа көшірілді. Екі күн бұрын Кремль бақылайтын басылымдар Белгородтағы әскери лагерь аумағында жарылыс болғанын хабарлап, жараланғандар бар деп хабарлады.
Кейін ресейлік РБК үгіт-насихат басылымы Белгородтағы мұнай базасында болған жарылыста түсірілген видеоны жариялады.
Бақылау камерасының бейнежазбаларында алдымен жалын байқалады, кейін жарылыс болған.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған