Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный комадан шықты

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный медикаметозды комадан шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Навальный

Бұл туралы Навальный емделіп жатқан "Шарите" емханасы ресми мәлімдеме жасады. 

Қазіргі таңда 22 тамыз күні келіп түскен ресейлік науқастың жағдайы едәуір жақсарған. 

"Науқас медициналық комадан шығарылып, тыныс алу аппаратынан ажыратылды. Ол біздің сөздерімізді естігенін білдіреді. Оның улануының ауыр зардабына баға беру өте қиын. Қазір дәрігерлер Навальныйдың жұбайымен тығыз байланыста", - делінген емхана хабарламасында. 

Айта кетейік, Навальный 20 тамыз күні Омбы қаласында ауруханаға жатқызылған. Оның жағдайы Томск қаласынан Мәскеуге қайтып бара жатқан ұшақта күрт нашарлаған. Ресейлік дәрігерлер оның денсаулығы қанның құрамындағы қанттың тез өзгеруіне байланысты ауырлағанын айтыпты. Алайда олар Навльныйдың ағзасынан ешқандай уды анықтамаған. 

Кейіннен Навальный Германиядағы емханаға ауыстырылған. Германия үкіметі ресейлік оппозиционердің "Новичок" дәрілер затымен уланғанын мәлі етіпті. 


Навальныйдың "улануы" Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?

Талқылау