Ресейдің Украинаға басып кіруінен мұнай бағасы алғаш рет 100 доллардан асып кетті
Brent маркалы мұнайдың бағасы 2014 жылдың қыркүйегінен бері алғаш рет барреліне 100 доллардан асып кетті. ICE деректеріне сәйкес сәуір айындағы сауда келісімдері 3 пайызға өскен яғни барреліне 100,04 долларды құраған. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұнайдың бағасы Ресей президенті Владимир Путиннің Донбасста әскери операцияны бастау туралы шешімі туралы жаңалықтан кейін қымбаттай бастады. Әскері әрекеттің басталғандығы туралы ол 24 ақпанға қараған түні хабарлаған. Ол сондай-ақ украиндық әскерилерді қаруларын тастауға шақырған.
- Қазақстанда доллар бағамы 450 теңгеге бір-ақ жетті
- "Путин соғысты таңдады": Байден Ресейдің Украинаға жасаған шабуылына жауап беретінін мәлімдеді
Осыдан кейін Украинаның әртүрлі қалаларынан, соның ішінде Киев пен Харьковта жүрген БАҚ өкілдері жарылыстар туралы хабарлай бастады. Бұл уақытта Киев маңындағы Борисполь әуежайы маңында жарылыс болғаны да айтылды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар