Ресейдің Тергеу комитеті Пригожиннің қаза болғанын растады
Ресейдің Тергеу комитеті "Вагнер" тобының басшысы Евгений Пригожиннің қайтыс болғанын растады.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Ресейдің Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасы Тверь облысындағы авиациялық оқиға бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда. Тверь облысында ұшақтың апатқа ұшырауын тергеу аясында молекулалық-генетикалық сараптамалар аяқталды. Олардың нәтижелері бойынша барлық 10 адам қаза тапты, олар ұшу парағында көрсетілген тізімге сәйкес келеді", - деп хабарлады Ресейдің Тергеу комитеті.
Еске салайық, бұған дейін апатқа ұшыраған ұшақта Қазақстанның тумасы болғаны туралы хабарладық.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"