Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ресейдікі ең мықты": Энергетика министрі Қазақстанда АЭС-тің салынуына қатысты пікір білдірді

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда атом электр станциясын салуға қатысты өз позициясын білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министр АЭС-тің салынуына оң көзқараста екенін айтты. 

“Меніңше, Қазақстанның оңтүстігінде, солтүстігінде және батысында АЭС салынуы тиіс. Бұл – төмен көміртек энергиясы. Оның артықшылығы көп. Ғылымды жаңа деңгейге шығарып, жаңа кадрлардың шығуына, жұмыс орнының көбеюіне және құзіреттілікті арттыруға көмектеседі. Сол үшін АЭС салуға қатысты референдум оңынан шешіледі деп ойлаймын”, – деді министр. 

Ол АЭС 10 жыл салынатынын айтады. Сөзінше, жасыл энергияны дамытқанша, АЭС салған тиімді. Өйткені жасыл энергия тұрақсыз әрі табиғатқа тәуелді дейді. 

АЭС минутына 40 мың литр суды қажет етеді деген ақпаратқа пікір білдірді. 

“Ол салқындату жүйесінің деңгейіне байланысты. Оның суды шығындауы көмір станциясымен бірдей. АЭЭС-тің әр түрлі жүйелері бар, біреуі теңіз суын, бірі айналма суын қажет етеді. Тіпті бумен айналатын да бар”, – деді Сәтқалиев.

Оның айтуынша, су мәселесін электр энергиясы шешеді. Сондықтан суды үнемдеп қалу шешім емес дейді. Энергия суды табуға және оны тазартуға мүмкіндік беретінін айтты.

Ол елдегі АЭС-ті Росатом салуына қарсы емес.

“Ресейдікі ең мықты. Ал АЭС-тегі қауіпсіздік мәселесі экономикаға байланысты. Росатом шетелде ең көп реакторды жасады. Қытай да мықтылардың қатарында, алайда ол тек өз ішінде салды. Біз Ресейдікін емес, халықаралық жоба жасағымыз келеді. Ең мықтысын жинақтап алуды жоспарлап отырмыз”, – деді ол.

Талқылау