Ресейден заңсыз жолмен көлік әкелгендер ұсталды
Ақмола облысында бір топ азамат ұрланған көлік құралдарын тіркеу және сатумен айналысқан деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің өңірдегі департаменті 2020-2021 жылдар аралығында Ресей Федерациясынан Қазақстанға заңсыз жолмен көлік құралдарын әкелген азаматтардың әрекетін әшкереледі.
"Аталған азаматтар алдын ала келісім бойынша іздеудегі көліктерді Ресей Федерациясының аумағында сатып алып, кейіннен оларға жалған құжаттар жасап, соның негізінде шекарадан іс жүзінде өтпей Қазақстан аумағында тіркеген. Құжаттарды және мемлекеттік тіркеу нөмірін алған соң, шекарадан өтіп, сатып отырған", - делінген хабарламада.
Сот үкімімен үш азамат 8, 7 және 6 жылға бас бостандықтарынан айырылды (үкім заңды күшіне енген жоқ).
2026 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Кімді табыс күтіп тұр, кімдерге үйленуге қолайлы
Жылжымайтын мүлік рәсімдеуде мұқият болып, үлкен заттар сатып алуға асықпаңыз
2026 жылдан бастап Қазақстанда қандай саяси өзгерістер болады – Сарапшылар пікірі
Саясаттанушылар биыл ел саясатындағы болған өзгерістерге тоқталды