Ресей әуежайында ұшақ бір адамды басып кетті
Ресейде Екатеринбургтегі Кольцово әуежайында “Орал авиакомпаниясының" ұшағы бір адамды басып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ural Mash Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдай техник ұшақты тексеріп жатқан кезінде болған.
"Техник шассиді тексеріп, бәрі дұрыс деп құжаттарға қол қойған. Алайда ұшпас бұрын тағы бірнеше тексеру жүргізуі керек болған. Алайда “Екатеринбург–Бішкек” рейсінің ұшқышы сигналды күтпестен жүріп кеткен", - деп хабарлайды басылым.
Түрлі жарақат алған маман ауруханаға жеткізілген. Ұшақтың бүкіл экипажы тоқтатылып, үш сағаттан кейін бағыт бойынша басқа борт ұшқан.
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады
Елена: "Қазақстанға қашан оралатынымыз белгісіз"
"Ауызашардамын" деп сурет салуға болмайды: Исламтанушы Рамазан айында неден тыйылу керегін айтты
Қанат Байбосынұлы: "Рамазан айында кедей кедейлігін, бай байлығын сезінбеуі керек"