Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайдан Алматыға ұшқан FlyArystan ұшағының бортында жолаушы қайтыс болды

FlyArystan әуекомпаниясының Қостанайдан Алматыға бет алған ұшағында ер адамның жағдайы нашарлап, сол жерде көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/flyarystan

Ұшақ көкке көтеріле бергенге жолаушы өзін жаман сезінген. Сөйтіп ұшақ шұғыл түрде Астанаға қонды.

Әуекомпанияның мәліметінше, жолсеріктер жолаушының жүрек соғысы мен тыныс алуын тексерген. Алайда жүрек соғысы байқалмады. Нұсқауларға сәйкес экипаж алғашқы медициналық көмек көрсетпек болып, бортта дәрігер іздеді. Сөйтіп жолсеріктер дәрігермен бірге дефибриллятор арқылы ер адамға жүрек-өкпе реанимациясын жасаған. 

“Командирдің шешімімен жолаушыға медициналық көмек көрсету үшін ұшақ Астана әуежайына шұғыл қонды. Әуе компаниясының жолсеріктері әуежайға жеткенше жүрек-өкпе реанимациясын жасауды жалғастырды. Өкінішке қарай, Астана әуежайының дәрігері жолаушының қайтыс болғанын растады. Әуекомпания жолаушының туыстары мен жақындарына көңіл айтады”, – делінген хабарламада.

Талқылау