Ресейде 200 адам егде тартқан әйелдің өлімінен соң митингке шықты
Ресейдің Бужаниново ауылында 200-ге жуық адам жергілікті 65 жастағы әйелді зорлап, оны өлтірген бұзақыларды жазалауды талап етіп көшеге шықты. Бұл туралы Baza Telegram арнасы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауылда мигранттарға қатысты үлкен проблема бар. Олар тіпті мектеп оқушыларына тиіседі, ал ата-аналар жасөспірімдерді жалғыз көшеге жіберуден қорқады. Зейнеткер әйелдің оқиғасы тұрғындардың шымбайына қатты батты.
Baza Telegram мәліметінше, қазір жұрт жиналған жерге полиция мен ОМОН қызметкерлері келіп жатыр.
Билік өкілдері мигранттар жатақханасын жабуды талап етеді. Бұл туралы Сергиев-Посад қалалық округінің басшысы Михаил Токарев өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
"Қарт әйелді өлтірді. Ол саяжайдан үйге оралуы керек еді, бірақ қайтып келген жоқ. Ұлы оны іздестіру жұмыстарын бастады. Бужаниновтың жанындағы орман алқабында оның жансыз денесі табылды", – деп жазды ол. Токаревтің айтуынша, полиция жер үй құрылысында жұмыс істеп жүрген Тәжікстанның екі азаматын ұстады.
Токарев енді тұрғындар барлық мигрантқа қаһарын төгуге дайын тұрғанын айтты. Сонымен қатар ол адамдарды тоқтауға шақырды, өйткені барлығын ұлтына қарай бағалау – үлкен агерессияға әкеліп соғуы мүмкін қателік.
"Біз Бужанинов тұрғындарының талаптарын тыңдадық: 14 қыркүйекте жатақхана иесімен кездесу өткіземіз, оның жабылуын талап етеміз", — деді округ басшысы полицияның іс-әрекеттерін қадағалап, қылмысты тергеуді бақылауда ұстауға уәде беріп.
Айта кетейік, 2021 жылдың 6 қыркүйегінде Ресейді оқыс оқиға дүр сілкіндіріп өтті. Киселевскіде екі мектеп оқушысы жоғалып, кейінірек денелері тастанды үйден табылған. Бірнеше сағат ішінде мектеп оқушыларын өлтірген күдіктінің жеке басы анықталды. 41 жастағы Виктор Пестерников кінәсін мойындап, қамауға алынды.