Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей Украина жеріндегі әскер шығыны жайлы алғаш рет айтты

Украина президенді Владимир Зеленский соғыс басталған бір апта уақыттың ішінде 9 мыңға жуық ресейлік әскери қызметкердің жойылғанын мәлімдеді. Алайда Ресейдің қорғаныс министрлігінің мәліметі мүлдем бөлек. Олар украин жерінде 498 сарбаз қаза тауып, 1 597 сарбаз жарақат алғанын айтады. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Зеленский Ресей армиясының шығын санын атап, бір апта ішінде ресейлік әскерилердің жеке құрамының шығыны 9 мыңға жуық адамды құрағанын айтты.

"Біз басып кірушілердің бүкіл жоспарын күл-талқан еттік, олар бұған жылдар бойы дайындалды... Көбісі қаруларын тастай сала қайта үйлеріне қашып жатыр", - деді Украина президенті халыққа арнаған бейне үндеуінде.

Сөзін жалғай келе украин президенті Николаев бағытында өлген және жараланған әскерилерін алып кету үшін Ресей тарапына ондаған тікұшақ көмегінің қажет болатынын қосты.



"Бүкіл әскерлеріңді жинап үйлеріңе тайып тұрыңдар. Өздеріңіздің өлгілеріңіз келмейтінін және әрі қарай өмір сүргілеріңіз келетінін басшыларыңызға жеткізіңіздер...", - деді Владимир Зеленский орыс әскерлеріне.

Ресейдің қорғаныс министрлігі өз кезегінде Украина қарулы күштерінің шығыны 2 870 адамға жеткенін мәлімдеді.

Бұған дейін әскерилердің қазасы жайлы тек губернаторлар ғана хабарлап келген. Ал министрлік шығынның бар екенін айтса да, нақты санын атамаған. 

Украина қарулы күштері Ресейдің 30 ұшағы, 31 тікұшағы, 211 танк пен 862 брондалған көлікті, 85 артиллерия жүйесі, 9 зенитті қондырғы мен 60 жанармай шаны, 355 автокөліктен айырылғанын мәлім еткен. 

Айта кетейік, Ресей Украинада арнайы операция бастайтынын 24 ақпанда мәлімдеген. Путин мұны сыртқы күштерін сақтану үшін жасалған шара деп атаған. 

Талқылау