Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лукашенко: Украинамен соғысуды көздеген емеспіз

Беларусь президенті Александр Лукашенко Украинамен соғысуды еш уақытта көздемегенін және Украинадан қауіп төнеді деп мүлде ойламағанын мәлімдеді. Сонымен қатар Ресей мен Украина арасындағы жанжалға батыс елдерінің саясаты тікелей әсер еткенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Лукашенко

"Біз еш уақытта Украинамен соғысуды көздеген емеспіз және ешқашан бізге қауіп төнеді деп ойламадық. Сонымен қатар қарулы күштерді Украинада орналастырған емеспіз", – деді ол Беларусь Қауіпсіздік кеңесінің отырысында. 

Лукашенконың айтуынша, Украина әскерінің белсенділігі мен әскери іс-қимылдың жандануынан кейін Донецк пен Луганск басшылары Ресейден көмек сұраған

"Қазіргі жағдай батыстың ессіз саясатының салдары", – деді Беларусь басшысы. 

Сондай-ақ ол Украинаға Ресеймен тікелей байланыс орнатуды да ұсынған. Алайда ұсыныс жауапсыз қалды деді ол. 

Лукашенко әскери оқу-жаттығудан кейін Путиннен қарулы күштердің бір бөлігін Беларустьте қалдыруын сұраған. 

Лукашенко Беларусь-Ресей одақтас елдерінің күштерін тексерген соң Владимир Путиннен оңтүстік аймақты қорғау үшін республика аумағында қарулы күштердің бір бөлігін қалдыруды сұрағанын айтады. 

"Оқу-жаттығу аяқталған соң әскердің бір бөлігі тұрақтарына қайтты. Алайда батысқа әскери жанжал қажет болды, нәтижесінде бұған Ресейді айыптады. Бұл үшін тек ақпараттық және экономикалық шаралар ғана қабылдап қоймады. Еуропаға 8 мың әскерін жіберуге дайын екенін айтты. 20 ақпанда 2 мың сарбаз біздің шекараға келді", – деді Лукашенко. 

Беларусь президенті осы себепті Путиннен әскерінің бір бөлігін қалдыруды сұраған. Сонымен қатар Украинадағы арнайы операция басталмай тұрып Путин Беларусь жеріндегі қарулы күштерін пайдалануы мүмкін екенін мәлімдеген дейді. 

"Әрине, Беларусь жеріндегі әскерді қолдануы мүмкін еді. Ал 24 ақпанда таңғы 5:00-де бұл туралы маған мәлімдеді", – дейді Лукашенко. 



Лукашенконың сөзінше, мұндай шешім қабылдамас бұрын барлаушылар Украина аумағында соққы жасауға дайын тұрған зенитті және зымыранды дивизияны байқаған екен. 

"Арнайы операция жайлы хабармен қатар осы дивизияға соққы жасалды. Бұл шығынның алдын алу үшін жасалған", - деп түсіндірді ол. 

Лукашенко батыс елдерінің Украинаға қару жеткізгенін айтты

"Украинаны қарумен қамтамасыз ету тоқтамады. Күнделікті танкке қарсы және зенитті зымырандар тиелген америкалық ұшақтар келіп жатты. Мұнымен қатар Украина қарулы күштері Донбасстағы азаматтық нысандарға шабуыл жасауын үдете түсті", - дейді Лукашенко. 

Оның айтуынша, мұның барлығы батыс елдерінің Минск пен Мәскеуге қарсы шабуылға дайындығын көрсеткен. 

Сондай-ақ Лукашенко әуе шабуылына қарсы күштердің дайын екенін мәлімдеді. Бұл – Ресей әскерилеріне тұтқиылдан шабуыл жасалмау үшін қабылданған шара. 

"Қорғаныс министрі батыс шекараны тағы 5 батальонмен жабуға дайын екенін жеткізді", - деді ол отырыс барысында. 

Беларусь президенті Минсктің екі тарапты татуластыру үшін барлығын жасап жатқанын қосып өтті. 

"Зеленский мен Путин телефон арқылы сөйлесіп, келіссөзді Беларусь жерінде өткізуді ұйымдастырғанына қуаныштымын және қауіпсіздікке кепілдік бердім. Нәтижені күтеміз", - деп қосты ол.

Лукашенко Украинадағы жанжалдың ғаламдық деңгейге ұласып кетпеуіне үміттенетінін айтты

Айта кетейік, 28 ақпанда Украина мен Ресей делегациялары келіссөз жүргізу үшін Беларусь жерінде кездескен еді. Келіссөз 5 сағатқа созылған, алайда нақты шешімдер қабылданбады. 

Талқылау