Путин Тоқаевты туған күнімен құттықтап, оның серіктестікке қосқан үлесін атап өтті
Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, оның стратегиялық серіктестікті дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда
Кремль сайтында құттықтау жеделхаты жарияланған.
"Ресей екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты, сондай-ақ еуразиялық экономикалық қоғамдастық, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы сындарлы өзара іс-қимылды дамытуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалайды", – деді Путин құттықтауында.
Ресей басшысы достық қарым-қатынасты бағалайтынын айтты. Оның айтуынша, президенттер алдағы уақытта да ел халықтарының игілігі үшін жұмыс істейді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"