Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей Қазақстанмен шекарада мобилизациялау пунктін орналастырмақ

Аймақтық үкімет Астрахань облысындағы Қазақстанмен шекарада мобилизация пункті пайда болатыны мәлімдеді. Енді шекарадан өтпек болғандардың құжаттары мұқият тексеріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Коммерсант" басылымына сілтеме жасап. 

Билік жақын арада шақырту қағаздарының таратылатынын жеткізді.

"Жақын күндері Қазақстанмен шекарада уақытша жартылай мобилизациялау пункті орналастырылып. Азаматтарға шақырту қағаздары беріледі.

Облыстың Краснояр өлкесінде шекарада көліктердің көп жиналуына байланысты жоғары дабыл режимі енгізілді. Бақылау бекетінде азаматтардың құжаттарын тексере бастады. Әскерге шақыру критерийлеріне сәйкес келетін және мобилизациялау бойынша шақыртылған азаматтар елден тысқары жерге жіберілмейді", - делінген аймақтық үкіметтің хабарламасында.



Ресей билігі резервтегілер шетелге шыға ала ма деген сұраққа біржақты жауап бермей отыр. Қорғаныс министрлігі апта басында азаматтардың жүріп-тұруына ешқандай тыйым салынбағанын хабарлады. Алайда Мемлекеттік Дума спикері Вячеслав Володин "Мобилизациялау” туралы заңға сәйкес, әскери есепте тұрған азаматтарға әскери комиссариаттың келісімінсіз тұрғылықты жерінен шығуға тыйым салынғанын айтты.

Талқылау