Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қазақстанға келді
Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу келіссөздер жүргізу үшін Астанаға келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ТАСС
Сергей Шойгуды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды деген болжам бар.
"Ресей Федерациясы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу Астанаға келді. Онда ол Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынасты, қауіпсіздік мәселелерін және Сириядағы жағдайды талқылайды. Бұл – Ресей қауіпсіздік кеңесі хатшысының 2025 жылғы алғашқы шетелдік сапары", – делінген хабарламада.
РФ қауіпсіздік кеңесінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жұмыс сапары барысында Ресей Федерациясы мен Қазақстан қауіпсіздік кеңестерінің кеңселері арасындағы екіжақты консультациялар, сондай-ақ қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовпен кездесу өтеді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген