Ресей елшілігі Қазақстаннан кеткен бас консулға қатысты мәлімдеме жасады
Дипломатиялық қызметін аяқтаған Ресей елшілігі бас консул Евгений Бобров Қазақстаннан кетуіне қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елшілік Бобровтың шұғыл кету себептері туралы ақпараттың шындыққа жасанспайтынын мәлімдеді.
"Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының бас консулы Евгений Бобровтың РФ мемлекеттік қызмет туралы заңына сәйкес жоспарлы миссиясы аяқталды", – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұдан бұрын СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Ресейдің бас консулы Евгений Бобров Қазақстандағы жұмысын аяқтап, Алматыдан кеткенін айтқан еді.
Жуырда РФ бас консулы Қазақстанда орыс тілді мектептердің азаюы мен орыс тілін қолдану аясының тарылуын мәлімдеген еді. Оның бұл сөзі Қазақстан қоғамында қарсылық тудырды. Осы себепті Қазақстаннан кетіп жатыр деген ақпарат тараған болатын.
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"