Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Ресей біздің сыртқы саясатымыздың басым бағыты болып қала береді

Ресей Федерациясы Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыты болып қала береді, деп мәлімдеді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Токаев

"Біз барлық сала мен бағыттар бойынша стратегиялық серіктестікті (Ресей Федерациясымен) одан әрі нығайтуды көздейміз", - деді ол аккредиттелген шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесуде сөйлеген сөзінде.

Тоқаев сондай-ақ Қытай Халық Республикасымен көпқырлы стратегиялық серіктестікті дамыту Қазақстан үшін аса маңызды екенін атап өтті.

"Мемлекетіміз Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" атты ауқымды бастамасын қолдайды және осы жобаға белсенді түрде қатысуда", - деп толықтырды президент.

Мемлекет басшысы Қазақстан Орталық Азия елдерімен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыта береді деп сендірді.

"Мысалы, жақын арада Өзбекстанмен бірқатар маңызды жоба іске асырылды. Күн тәртібіндегі басқа да мәселелер уақтылы шешілмек.

Баршамыз бұл өңірдің тұрақты, экономикалық тұрғыда орнықты және қауіпсіз дамуына мүдделіміз. Бірер күннен кейін Ташкентте Орталық Азия елдері консультативтік  жұмыс кездесуінің отырысы өтпек", - деп еске салды Тоқаев.

Айта кетейік, Қазақстан президенті ертең Қырғызстанға мемлекеттік сапармен аттанады. Келіссөздер барысында бірқатар маңызды мәселе талқыланады.  
 

Талқылау