Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей әскері Донбасқа шабуылын бастады - Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей күштері Донбаста шабуылды бастағанын деп мәлімдеді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Донбасс 2022

"Ресей әскері бірталай уақыт дайындалған соң Донбасқа шабуылын бастады. Ресей күштерінің едәуір бөлігі сонда шоғырланды. Қанша әскер жиналса да, біз қорғанамыз. Күресеміз", - деп жазды Зеленский Telegram арнасында.

Зеленский Донбастың шығысы мен оңтүстігінде ресейлік әскерлер бұрынғыдан әлдеқайда ойластырылған шабуыл жасауға тырысып жатқанын атап өтті.

"Олар негізгі күштерімен басып кіру үшін мемлекетіміздің осал қорғанысын іздейді", - деп қосты ол.



Украина президенті әкімшілігінің жетекшісі Андрей Ермак "соғыстың екінші кезеңі" басталғанын жеткізген.

Ресей қарулы күштерінің Украинаның шығысында шабуылға шыққаны жайлы Украина ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Алексей Данилов те хабарлаған. Украин билігінің ақпаратынша, Ресей әскері Донецк пен Луганск облыстарын православтардың пасха мейрамына дейін басып алуды жоспарлап отыр. Биыл пасха 24 сәуір күні тойланады.

Талқылау