"Репертуар әлі таңдаған жоқпыз": Ержан Максим "Junior Eurovision 2019" байқауына дайындықты бастады
Белгілі жас әнші Ержан Максим балалар мен жасөспірімдер арасында өтетін «Junior Eurovision» байқауына дайындықты бастап кетті. Конкурс 24 қарашада Польшаның Гливице қаласында өтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ән қоржынында қандай шығармалардың болатыны әзірге белгісіз. Сондай-ақ бүгінгі таңда Ержанға арнап композиторлар жеке туынды жазуда. Әншінің анасы Гүлмира Әлібектің айтуынша, нақты мәлімет тамыз айының соңында белгілі болады.
Айта кетейік, Ержанның «Junior Eurovision» байқауға қатысуы «Хабар» Агенттігінің Еуропалық хабар тарату одағына мүше болуы және екіжақты жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде мүмкін болды.
"Дайындық әзірше жақсы. Репертуар жағын әлі таңдаған жоқпыз. Енді елімнің үмітін ақтаймын деп ойлаймын. Осы «Junior Eurovision» байқауын жеңсем бе деп ойлаймын. Үміттенемін", - дейді Ержан Максим.
"Балалар еденге жатып, суға түспеген": "Өзенмұнайгаз" қызметкерлерінің балалары барған лагерь талапқа сай болмай шығып, 315 мың теңге айыппұл арқалады
Кей ата-аналар лагерь таңдауда ашықтықтың жоқтығына наразы болған
Неге Қазақстанда ипотека дамыған елдерге қарағанда 5–10 есе қымбат
Ипотека мөлшерлемесі елдің экономикалық жағдайына тәуелді дейді мамандар