Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Рекорд жасады”: ҰБТ-дан 1 балл жинаған қазақстандық түлек желіде танымал болды

Желіде Ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) 1 балл жинаған қазақстандық түлектің видеосы тарады. Жұртшылық қызу талқыға алып, түлекке сәттілік тілеп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

видеодан скриншот

Ерасыл Уәлиев өзінің TikTok парақшасында Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижесі бойынша 1 балл жинап рекорд жасағанын жариялаған. 

Видеодан талапкердің ҰБТ нәтижесі жазылған бланкінің суретін көруге болады. Мұнда тек оқу сауаттылығынан жалғыз ұпай тұр. 

Видео желі пайдаланушылары арасында таралып, көп пікір жинаған. Олардың кейбірі бір ұпай жинау 140 ұпай жинаудан да қиын екенін айтып әзілдеді.



“140 балдан 1 алу үшін 139 сұрақты білу қажет”, “Әркез бірінші болатын адаммын дейсің”, “139-ақ балл жетпей қалыпты”, “Рекорд жасады”, “Енді блогер боласың”, “Екі ҰБТ-ны бірге тапсырып, біріншісінен 1, екіншісінен 139 алған сияқты”, – деді пікір қалдырушылар. 

Кейін Ерасыл парақшасына тағы видео жариялап, мұнымен “өмірдің тоқтап қалмайтынын” айтып, қатарластарына мойымауға кеңес берді. Айтуынша, ұлы адамдардың өзі оқуда аса үздік болмаған. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында ҰБТ-дан 140 балл жинаған Жаннұр Еңсебекке көлік сыйға берілген еді. 

@erasyl.ualievv Ай Ерасыл Ерасыл #1баллентерасыл #erasylualiev ♬ sonido original - smith_aske
Талқылау