"Реал Мадрид" клубындағылар "Қайратпен" өтетін ойынға қатысты наразылық білдірді

"Реал Мадрид ТВ" клубтық арнасында командасының алдағы Қазақстанға сапарына байланысты наразылық білдірілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AS басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
“Таңғалатын ештеңе жоқ – ең алыс сапар, тікелей 6500 шақырым, Қытайға жақын, үйден тым қашық”, – деді жүргізушілердің бірі.

"Реалдан" бөлек, "сары-қаралар" өз алаңында Бельгияның "Брюгге", Грекияның "Олимпиакос" және Кипрдің "Пафос" клубтарын қабылдайды.
Ал сырт алаңда "Қайрат" Лондонның "Арсенал", Миланның "Интер", Данияның "Копенгаген" және Португалияның "Спортинг" клубтарымен күш сынасады.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
