Рахат Әлиевтің анасы өмірден өтті
Фото: Нұрали Әлиевтің желідегі парақшасынан
Рахат Әлиевтің анасы Минавар Әлиева өмірден өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы әлеуметтік желіде оның немересі Нұрали Әлиев хабарлады.
"Бүгін менің сүйікті әжем Аника бізбен қоштасып, мәңгілік мекеніне аттанды. Ол мен үшін өте қымбат жан еді. Балалық шағымның басым бөлігін оның қасында өткіздім. Ол менің тәрбиемде үлкен рөл атқарып, өмірімді ұмытылмас махаббатпен көркейтті", – деп жазды Нұрали.
Сондай-ақ ол әжесінің соңғы күндері туралы естеліктерді бөлісті.
Нұрәлі Әлиев "Транстелекомдағы" үлесін сатқанға дейін миллиардтаған дивиденд алып үлгерген
Дариға Назарбаева мен бірнеше кәсіпкер "Астана Опера" театрының қамқоршылық кеңесінен шығарылды
"Біз өмір, менің балаларым және отбасымыз жайлы әңгімелестік. Бұл сурет сол қымбат сәттерде түсірілген еді. Сол кезде бұл біздің соңғы кездесуіміз болуы мүмкін деген сезім болды. Бүгін таңертең оның түнде көз жұмғаны туралы қаралы хабар алдым", – дейді ол.
Әлиева Минавар Қадышевна – Рахат Әлиевтің анасы. Ол Дариға Назарбаевамен некеде болған. 2007 жылы Рахат Әлиевке қатысты адам ұрлау, жемқорлық және басқа да айыптармен қылмыстық іс қозғалған еді. Ал 2015 жылы Рахат Әлиев Австрия түрмесінде өлі күйінде табылды.

"Дәрігерлер ертерек бала туып ал деді": 24 жасында ерте климаксқа ұшырап, денсаулығы сыр берген ару қыз-келіншектерге жолдау жасады
