Құрылтай сайлауы: Елдегі 305 учаскеде дауыс беру аяқталды
Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы жөніндегі кезекті дерегін бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ОСК дерегіне сәйкес азаматтардың аймақ бойынша қатысу үлесі мынадай. Әзірге Қызылорда мен Абай облыстары көш басында:
1. Астана қаласы бойынша – 40,92%.
2. Абай облысы бойынша – 63,07%.
3. Ақмола облысы бойынша – 61,15%.
4. Ақтөбе облысы бойынша – 60,87%.
5. Алматы облысы бойынша – 54,57%.
6. Атырау облысы бойынша – 54,49%.
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 50,21%.
8. Жамбыл облысы бойынша – 50,58%.
9. Жетісу облысы бойынша – 62,89%.
10. Қарағанды облысы бойынша – 62,79%.
11. Қостанай облысы бойынша – 55,86%.
12. Қызылорда облысы бойынша – 64,22%.
13. Маңғыстау облысы бойынша – 50,65%.
14. Павлодар облысы бойынша – 54,01%.
15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 58,63%.
16. Түркістан облысы бойынша – 57,72%.
17. Ұлытау облысы бойынша – 53,31%.
18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 61,10%.
19. Алматы қаласы бойынша – 30,36%.
20. Шымкент қаласы бойынша – 55,32%.
Жалпы еліміз бойынша сағат 14.00-дегі 6 696 002 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 53,12% құрады. Азаматтардың уақытша болу орындарындағы 305 учаскеде дауыс беру аяқталды.
Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 16.00-де беріледі.