Тоқаев Құрылтай сайлауында дауыс берді
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақорда мәліметінше, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берген.

Содан кейін президент бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізді
“Шын мәнінде, бүгін – еліміз үшін тарихи күн. Тұңғыш рет бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізіп отырмыз. Бұл – маңызды тарихи оқиға. Біз біртұтас ел болып, ауқымды реформалар жүргізіп жатырмыз. Мұны бәріңіз білесіздер, куә болып отырсыздар. Ойдағыдай нәтижелерге қол жеткіздік. Дегенмен алдымызда тұрған жұмыс ауқымды, мақсатымыз маңызды деп айтуға болады. Бүгінгі сайлау – осы жұмыстың бастауы ғана”, – деді Тоқаев.
Еске салайық, бұған дейін сайлауда Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев, Ерлан Қарин және т.б. саясаткерлер де Құрылтай депутатын сайлауда өз таңдауын жасаған еді.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды