Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Құрылтай сайлауында дауыс берді

Шайдоров
Фото: ОКҚ

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстан спортының жаңа буынын танытып жүрген Михаил Шайдоров Алматының Самал-2 шағынауданындағы №382 сайлау учаскесінде дауыс берді.

“Биыл спортшы мансабындағы ең биік белесті бағындырып, қысқы Олимпиада ойындарының алтын медалін жеңіп алды. Ол Олимпиада тұғырының жоғары сатысына көтеріліп, Қазақстанның көк туын желбіретті”, – деп атап өтті Орталық коммуникация қызметінің өкілдері. 

Сонымен қатар боксшы Назым Қызайбай да дауыс бергендердің қатарынан көрінді. 

Назым Қызайбай
Фото: ОКҚ

 

"Мен үшін сайлауға қатысу – азаматтық ұстанымымды білдіріп, ел болашағына үлес қосудың мүмкіндігі. Әр азамат таңдауының маңызды екенін түсінуі керек. Бүгін сайлау учаскесіне келіп, азаматтық борышымды өтедім", – деді Назым Қызайбай.

Назым Қызайбай – Қазақстан тарихындағы әйелдер боксы бойынша тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы және XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Назархан Уән
Жексенбі, 23 Тамыз, 2026 14:23