"Қуаныштан көзіме жас келді": Сегіз баланың анасы Ақмарал өз шаңырағына көшті

Шымкент қаласының тұрғыны Ақмарал Диханбаева сегіз баланы тәрбиелеп отыр. "Алтын алқа" иегері 2018 жылы көпбалалы отбасы санаты бойынша тұрғын үй кезегіне тұрған. Сол уақыттан бері отбасы жалдамалы пәтерде тұрды.
Биыл Ақмаралдың көптен күткен арманы орындалды. Ол мемлекеттік қолдау аясында 2% мөлшерлемемен үш бөлмелі пәтерге ие болды.
"Үй алатынымды естігенде, қуаныштан көзіме жас келді. Қандай сезімде болғанымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын", – деді Ақмарал.

Өз үйіне көшкен соң, анасының ойы енді балаларының болашағына ауған. Ақмарал олардың атына депозит ашып, қаражат жинай бастады. Балаларының білім алуына жағдай жасап, ертең өз баспаналарына қол жеткізуіне көмектескісі келеді.
Отбасы банкте осы мақсаттарға арналған жинақ құралдары бар. AQYL депозиті баланың оқуына қаражат жинауға мүмкіндік берсе, тұрғын үй жинақ депозиті болашақта баспана алуға көмектеседі. Ақмарал үшін бұл жай ғана ақша жинау емес, балаларының ертеңіне бүгіннен бастап қам жасау.
"Енді балаларымның болашағына ақша жинап жатырмын. Олардың да баспаналы болғанын қалаймын. Алдағы уақытта Отбасы банк арқылы үй алып берсем деген мақсатым бар", – дейді ол.

Ақмаралдың өзі де бұрын мұндай мүмкіндіктер туралы көп біле бермегенін айтады. Енді баспаналы болған соң, өз тәжірибесін жақындарымен бөлісіп жүр. Әсіресе, тұрғын үй кезегінде тұрған таныстарына жеңілдетілген бағдарламалар туралы айтып, мүмкіндікті жіберіп алмауға кеңес береді.
"Мен сияқты баспанаға мұқтаж жандарға айтарым, мемлекет ұсынып отырған 2% мөлшерлемемен үй алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар. Қазір осыны туыстарыма да, таныстарыма да айтып жүрмін", – дейді Ақмарал.

Сегіз баласын өсіріп отырған Ақмарал үшін үш бөлмелі пәтердің кілтін алу үлкен қуаныш болды. Енді өз шаңырағында балаларымен бірге бақытты күндерін өткізіп, олардың болашағына алаңсыз жоспар құруға мүмкіндігі бар. Ал анасының ең үлкен арманы өзгермейді: балаларының жақсы білім алып, ертең өз үйлерінің болғанын көру.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты: Оқу-ағарту министрлігі не дейді