Qaznews24 сатиралық парақшасының бұрынғы авторы Темірлан Еңсебек тағы да тергеуге шақырылды
Фото: qaznews24
Сатиралық Qaznews24 парақшасының негізін қалаушы және бұрынғы авторы Темірлан Енсебек қайтадан прокуратураға тергеуде шақыртылды, бұл жолы оған жаңа бап бойынша айып тағылған. Бұл туралы ақпарат Stan.kz агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы оның қалыңдығы Мария Кочнева мәлімдеді. Қыздың айтуынша, Темірлан Еңсебек жаңа қылмыстық іс бойынша, жабылған Qaznews24 жобасына байланысты тергеуге шақырылған.
“2025 жылдың қаңтарынан бастап оның бұл парақшаға қатысы жоқ. Ол қылмыстық қудалау кезінде редакция жұмысына араласпады. Бұл жолы "көрінеу жалған ақпарат тарату" бабымен айып тағылған. Осы бап бойынша Темірбекке үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр”, – дейді Мария Кочнева.
Айта кетейік, 2025 жылдың наурызында Qaznews24 сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебек бес жылға шартты түрде сотталған еді. Сот шешімінен кейін парақша авторы Qaznews24 жобасынан кеткенін мәлімдеді.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"