Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның республикалық бюджетінің кірісі бірінші жартыжылдықта 24,6% өсті

Ақша
Фото: Stan.kz

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша республикалық бюджеттің кіріс бөлігі толық көлемде атқарылды, ал мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемесі уақытылы қаржыландырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үкімет отырысында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов баяндады. Оның айтуынша, трансферттерді есепке алмағанда, республикалық бюджет кірістері –  8,5 триллион теңге немесе жоспарға 100,6%.

 Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда кіріс 1,7 триллион теңгеге немесе 24,6% өсті. Салық түсімдері – 8,3 триллион теңге немесе жоспарға 100,3%. Өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда салық түсімдер 29% өсті немесе 1,9 триллион теңгеден асады.

"Кірістер серпініне негізгі экспорттық тауарлар бойынша бағаның өсуі, сондай-ақ сыртқы сауда белсендігі оң әсер етті. Бұдан бөлек электрондық жүйесі бойынша сату айналымдары 12% немесе 10,8 триллион теңгеге өсті", — деді Ержан Біржанов.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтарға кредит алуға шектеу қойылып жатқанда, мемлекеттің өзі қарызға батып жатқаны туралы жазған едік. 2025 жылы үкіметтік қарыз көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,8 трлн теңгеге артқан. Ал тартылған қаражаттың едәуір бөлігі экономиканы дамытуға емес, бұрынғы қарыздарды өтеуге жұмсалған. 

Сол себепті Қазақстан Халықаралық қайта құру және даму банкінен 92 миллиард 316 миллион иен (293 млиллиард теңге) көлемінде қарыз алуды жоспарлады. Елде биыл бюджет тапшылығы – 4,6 триллион теңге. Қарыз көлемі – 600 миллион доллар делінген еді. 

Қырмызы Скендір
Сейсенбі, 14 Шілде, 2026 10:40